img

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер қызметінің негізгі мақсаты ҚР ҰҚК «Алмас» РМК және оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.

Негізгі міндеттері

  • 01

    ҚР ҰҚК «Алмас» РМК және оның жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу құралдарын енгізуін қамтамасыз ету

  • 02

    ҚР ҰҚК «Алмас» РМК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру

  • 03

    ҚР ҰҚК «Алмас» РМК-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз ету

  • 04

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеуші талаптарды және ең үздік халықаралық практиканы сақтауды қамтамасыз ету

  • 05

    Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі принциптерін сақталуын қамтамасыз ету

  • 06

    ҚР ҰҚК «Алмас» РМК ұжымында жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес келетін өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру

img

Қағидаттары:

  • marker

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын орындау үшін бөлінетін өкілеттіктері мен ресурстардың жеткіліктілігі;

  • marker

    Басшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің тиімділігіне мүдделілігі;

  • marker

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер қызметінің ақпараттық ашықтығы;

  • marker

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицердің тәуелсіздігі;

  • marker

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асырудың үздіксіздігі;

  • marker

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жетілдіру;

  • marker

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүзеге асыратын мамандардың құзыретін ұдайы арттыру.

Байланыс ақпараты

Егер Сіз ҚР ҰҚК «Алмас» РМК (бұдан әрі - Кәсіпорын) қызметінде мынадай мән-жайлардың куәсі болсаңыз:

• дайындалып жатқан немесе орын алған сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және ұрлық оқиғалары туралы;

• ҚР мемлекеттік сатып алу порталында сатып алу рәсімдерін жүргізу кезіндегі бұзушылықтар туралы;

• қызмет бабын теріс пайдалану және Кәсіпорын жұмыскерлерінің өкілеттіктерін асыра пайдалану туралы;

• Кәсіпорынның іскерлік беделіне материалдық нұқсан келтіретін немесе нұқсан келтіруі мүмкін өзге де іс-әрекеттерді жасау туралы.

pochta@almasknb.kz электрондық поштасына жаза аласыз.

Өтініштің құпиялылығына кепілдік беріледі.

Құжаттар

icon

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ҚР заңы

icon

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы

icon

Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ережені бекіту туралы

icon

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы