img

Миссия мен мақсаттары

Біздің миссиямыз – Ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізетін мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай саясатты іске асыруға қатысу.

ҚР ҰҚК «Алмас» РМК қызметінің мақсаты мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы, оның ішінде ақпараттық техникалық және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау, мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ баспа өнімдерін дайындау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметі болып табылады.

ҚР ҰҚК «Алмас» РМК қызметі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген Жарғысына сәйкес қатаң жүзеге асырылады (өзгерістер 2023 жылғы 02 қазандағы №705 бұйрығымен енгізілген).