img

Кәсіпорын тарихы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 маусымдағы №851 қаулысына сәйкес құрылды. 2018 жылғы 01 қаңтардан бастап «Алмас» РМҚК ҚР Премьер – Министрі Кеңсесінің қарауынан ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарауына берілді (ҚР Президентінің 2017 жылғы 07 қарашадағы №579 Жарлығы және ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №793 Қаулысы).

img

ҚР ҰҚК «Алмас» ШЖК РМК

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 08 қарашадағы №793 қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Алмас» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «Алмас» РМК) болып қайта ұйымдастырылды.

Құрылтайшысы – Қазақстан Республикасының Үкіметі.

Басқаруды жүзеге асыратын орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті.